$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Халықтың микроқаржы ұйымдарына қарызы 1,1 трлн теңгеден асты

05.06.2024ж. 20:00
696
Халықтың микроқаржы ұйымдарына қарызы 1,1 трлн теңгеден асты

Елімізде көлік көбеюде. 5 жарым миллионға жуық темір тұлпар тіркелген. Отандық машина жасау саласы 8,6 пайыз артқан. Мамандар бұл көрсеткіш алдағы уақытта еселеп өседі дейді. Осы және өзге де ақпараттар "Экономика" топтамасында.

Автокөліксіз 1 күн өткізудің өзі қиын. Жүріс-тұрысымыз, жұмысымыздың барлығы техникамен тығыз байланысты. Қазір елде 5 миллион 400 мың темір тұлпар бар. Бұл былтырғыдан шамамен 16 пайыз көп. Зауыттан шыққанына 7-10жыл болған көліктер саны 5,7 пайызға өсіп, 671 мыңға жеткен. Ал 3-7 жыл жүрілген көліктер -633 мың. 3 жылға толмаған темір тұлпарлар -328 мың. Бұл былтырғыдан 15 пайызға аз. Елімізде тіркелген көліктердің басым бөлігі- ескі. Зауыттан шыққанына 20 жылдан асқан 2 жарым миллион көлік бар. Автокөліктердің басым бөлігі Алматы қаласында жүр. Сондай-ақ отандық автокөлік өндірісі өркендеп келеді. Машина жасау 8,6%-ке артқан. Жыл басынан бері 46 мыңнан астам көлік құрастырылған. Жыл соңына дейін 160 мың автокөлік шығару жоспарланып отыр. Сонымен қатар Машина жасауды дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспары негізінде саладағы өндіріс көлемін 2 есе арттыру көзделген.

5,4 миллион көлік бар

7-10 жыл - 671 мың

 3-7 жыл - 633 мың

3 жыл толмаған - 328 мың

20 жылдан асқан - 2,5 миллион

Отандық автокөлік өндірісі 8,6% артты

 Құрастырылды – 46 мың көлік

 Биылғы меже – 160 мың көлік

 2028 жылы өндіріс 2 есе артады

Еліміздің тұмса табиғатын тамашалап, тынығуға құлық танытатын туристер жылдан жылға артып келеді. Былтыр елге 9 миллионнан астам шетел азаматы келген. Демалыс орындарда 230 млрд теңгеге қызмет көрсетілсе, ел қазынасына 450 млрд теңге салық түскен. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 53% артқан. Ал биыл алғашқы тоқсанның өзінде салаға 177 млрд теңге құйылған.

Микроқаржы ұйымдарынан қарыз алушылар көбейді. Отандастарымыз 1,1 трлн теңгеге микрокредит рәсімдеген. Ал кәсіпкерлердің берешегі 3 пайызға артып, 1,4 трлн теңгеден асты. Айлыққа дейін қайтарам деп алған қарызды төлей алмай жүргендер де жетерлік. 90 күннен кешіктіргендердің берешегі - жалпы микрозаймның 7 пайызы. Қазір елімізде 228 микроқаржы ұйымы, 215 кредиттік серіктестік және 518 ломбард бар.

Валюта бағамына тоқталайық. Қор нарығында доллар бүгін 448,63теңге, Еуро - 487,11теңге, Ресей рублі - 5,04теңге болды.