$479.23 €534.96 ₽5.16
×

Мемлекет басшысы жаңа нысандарды аралады

05.06.2024ж. 20:00
451
Мемлекет басшысы жаңа нысандарды аралады

Мемлекет басшысы Sana Sport орталығына барып, оның жұмысымен танысты. Кешен 4 мыңға жуық балаға қызмет көрсетеді. Сондай-ақ Президент орталықтағы үйірмеге шеберлік дәрісін өткізуге келген шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Айару Алтынбекпен жүздесіп, жас чемпионға сыйлық табыстады. Одан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусын аралады. 210 төсек-орынға есептелген нысан тамыз айында пайдалануға беріледі. Мұнда қатерлі ісіктерді диганостикалауға және емдеуге болатын әлемдік бірегей технологиялар шоғырланады.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Жаңа емхана құтты болсын, керемет екен. Мен қазір барып бәрін көрдім. Озық жабдықтармен қамтылған бәрі. Осындай мекеме дүниежүзінде өте аз. Сондықтан бәрі құтты болсын! Жұмыстарыңыз осы жерде табысты бола берсін!

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында болды. Онда заманауи құралдармен жабдықталған операция залдарын аралап, орталыққа реанимобиль сыйлады. Айта кетейік, мұнда жылына 18 мың науқас емделе алады. Сондай-ақ 29 бағыт бойынша қызмет көрсететін 9 клиникалық департамент құрылады.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Осы аймақта мұндай мекемелер жоқ. Шын мәнінде бірегей деп айтуға болады, сондықтан баршаңызды құттықтаймын. Үлкен-үлкен жетістік, жұмыстарыңыз табысты бола берсін. Мұндай мекеме Қазақстан үшін, халқымыз үшін өте қажет. Сондықтан біздің медицинамыздың үлкен жетістігі деп айтуға болады.