$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Ақтөбеде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өзен-көлдердің жағалаулары тазартылды

05.06.2024ж. 20:00
465
Ақтөбеде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өзен-көлдердің жағалаулары тазартылды

Ақтөбеде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өзен-көлдердің жағалаулары тазартылды. Акцияға 100-ден астам тұрғын мен ерікті қатысты. Жиналған қоқыс арнайы полигонға жіберілді. Балық шаруашылығы инспекциясы мен балық аулау спорты федерациясының өкілдері суда қалған аулар мен қоқысты шығарды. 40 тонна көлемінде күл-қоқыс жиналды . «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы әлі жалғасады. 

Нұржан ШАҢҒЫТБАЕВ, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫ ШТАБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұған дейін біздер "Жасыл елдің" сарбаздары арқылы "Таза жағалау" акциясы аясында Қарғалы өзенінің жағалауын жинаған болатынбыз, Елек өзенінің жағалауын жинап осы кезге дейін 100-ден астам тонна күл-қоқысты шығарып қалалық полигонға жіберген болатынбыз. Алдағы уақытта, «Таза Қазақстан», «Таза жағалау» акциясын жаз бойы ұйымдастыратын боламыз.

Мирболат ӨТЕҒҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛЫҚ АУЛАУ СПОРТЫ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Судың ішінде аулар болды. Браконьерский аулар дейді.Соларды траление жасаймыз. Жарты команда жағалаудан мусорлар жинайды жанағындай. Өте көп қыдыратын адамдар тастап кетеді. Әр адам өз артынан жинаса, онда табиғатымыз лас болмайды деп ойлаймын.