Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев Қазақстанды “екінші отаным” деп атап алдағы уақытта қайтып оралу мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ал Адиев өзінің кетуі туралы пікір білдірді.
"Келесі жыл мен үшін жаттықтырушы ретінде өте маңызды болмақ. Себебі жоспар бойынша ұзақ нәтиже көрсете аламын ба, және РПЛ-де жоғары деңгейлі жаттықтырушы бола аламын ба деген сауал тұр.
Орташа деңгейдегі жаттықтырушы ретінде қолымнан келгенінін көрсеттім. Енді мен үшін маңызды жаңа қадам. Алдағы уақытта Қазақстанға қайтып келетінімді ешқашан жоққа шығармаймын. Себебі бұл менің екінші отаным", - деді маман.