Жұлдызай Дүйсенбиеваның денсаулығы сыр берген. Отандық актриса Жұлдызай Дүйсенбиева ауырып қалғанын жеткізді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, денсаулығы аяқ-асты сыр берген. Қасында болуға бауыры келген.
"Бүгін аяқ-асты ауырып қалдым. Жағдай сұрайтын бауырларың болған қандай жақсы, шүкір", - деп жазған өнер иесі.
Актриса інісімен бірге Астанаға жолға шыққан. Ол қоғам дамуына қосқан айрықша үлесі үшін «ҚР Құрметті азаматы» төсбелгісімен марапатталды.