$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Пәкістанда 11 кенші метаннан уланып көз жұмды

AstanaTV
06.06.2024ж. 06:21
430
Пәкістанда 11 кенші метаннан уланып көз жұмды

Кветта қаласының маңындағы (Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясы) шахтада метаннан улану салдарынан 11 кенші қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап «Ховар» агенттігі жазды.

«Метанның жиналуы адамдардың өліміне әкелді», – деді Белуджистан провинциясы үкіметінің шахталардың бас инспекторы Абдул Гани Какар.

Кеншілер шамамен 450 м тереңдікте жұмыс істеген. Ал құтқару топтары бірнеше сағаттық жұмыстан кейін олардың денесін алып шықты.

Бас шахта инспекторы апаттың себебін анықтау үшін тергеу жүргізілетінін қоса кетті,-деп хабарлайды KAZINFORM.