$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Түркістанда жігіт бұрынғы сүйіктісінен кек алу үшін сотқа жүгінді

AstanaTV
06.06.2024ж. 11:11
463
Түркістанда жігіт бұрынғы сүйіктісінен кек алу үшін сотқа жүгінді

Заңгер желідегі парақшасында тосын үндеу жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Заңгер Қайырхан Балғабеков Tiktok желісіндегі парақшасында қыздар қауымына ескерту жасады. Ол сүйіктісінен ақшалай сыйлық алатын қыздарға абай болуды ескертті.

Заңгердің айтуынша, мұндай жағдайға қатысты іс Түркістан облысында қаралып жатыр.

"Екі жылдың ішінде жігіттің сүйіктісіне аударған сомасы 1,4 миллион теңгеге жуықтап қалған. Кейіннен ол қыз ол жігітпен жүргісі келмей, екеуі екіге кетеді. Бірақ уақыт өте келе жігіт қалай кек алсам екен деп ойлаған. Осылайша ол қызды сотқа берген", - дейді заңгер.

Заңгер іс бойынша қиындықтар туындап жатқанын айтады. Себебі сотта қыздың шотына түскен ақшалар жігіттің тарапынан сыйлық екенін дәлелдеу қажет. Қайырхан Балғабеков егер ақша аударымдары сыйлық ретінде беріліп отырғаны дәлелденбесе, ол "заңсыз байлық" болып есептелетінін де атап өтті.