$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодар облысында мыңнан астам ата-ана жазаланды

AstanaTV
06.06.2024ж. 13:48
625
Павлодар облысында мыңнан астам ата-ана жазаланды

316 ата-ана балаларын дұрыс тәрбиелемегені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болғаны үшін 1007 заңды өкіл жауапқа тартылды. 48 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. 316 ата-ана балаларды дұрыс тәрбиелемегені үшін жазаланды.

– Мысалы, полиция қызметкерлері түнгі сағат 00:00 шамасында М.Жүсіп көшесі, 386 мекенжайында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды тоқтатты. Жасөспірімдер полиция бөліміне жеткізілген болатын. Олармен профилактикалық әңгімелесуден кейін ата-аналарға қатысты әкімшілік материалдар толтырылды,– деді Павлодар облысы полиция департаменті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина.

 Айта кетейік, сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында болуына тыйым салынады.