$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада «Қазақстанның Ізгі ниет елшілері» жобасының тұсаукесері өтті

Астанада «Қазақстанның Ізгі ниет елшілері» жобасының тұсаукесері өтті

Астанада «Қазақстанның Ізгі ниет елшілері» жобасының тұсаукесері өтті. Жаңа жоба еліміздің жетістіктерін кеңінен насихаттауға, оң имиджін арттыруға бағытталған. Бұл Біріккен ұлттар ұйымы жүйесіндегі ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ және басқа да халықаралық институттардың қазіргі номинацияларына ұқсас етіп жасалған. Жобаға өнер, ғылым, спорт салаларында өз еңбегімен және талантымен жетістіктерге жеткен отандастар кірді. Олар қайырымдылық қызметімен ерекшеленген. 

Мұрат НҰРТІЛЕУ,  ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Елімізде ұлтшылдық пен ксенофобияға орын жоқ, және біз ондай дерттің таралуына жол бермейміз. Сондықтан «Ізгі ниет елшілерінің» игі миссиясы бұрынғыдан да өзекті болмақ. Сіздер әлем қауымдастығына Қазақстан туралы объективті хабар жеткізетін парасат үні болады деп сенеміз.