$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Үржар, Балқаш туристік аймақтарына Алматы, Астана қалаларынан тікелей әуе рейстері қатынайды

06.06.2024ж. 20:00
376
Үржар, Балқаш туристік аймақтарына Алматы, Астана қалаларынан тікелей әуе рейстері қатынайды

Енді Үржар, Балқаш туристік аймақтарына Алматы, Астана қалаларынан тікелей әуе рейстері қатынайды. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Кәріпбаев Нұртас айтты. Былтыр елімізге 9 млн-нан астам турист келген. Биыл олардың санын арттыру үшін арнайы бағдарламалар әзірленді. Дүниежүзілік көшпенділер ойыны, шарлар шарасы, альпиниада мен баспасөз туралары және гастраномиялық фестивалді тамашалауға келетін шетелдіктер көп болады деген болжам бар. Өткен жылы елімізде 117 туристік орталық ашылса, биыл 297 жаңа инвестиция лық жоба жүзеге асырылу кезеңінде. 

Нұрлан КӘРІПБАЕВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Өткен жылдың қорытындысы бойынша туристік сала пандемиядан кейін толық қалпына келіп қана қоймай, туризмнің негізгі көрсеткіштері бойынша тарихи ең жоғары деңгейге жетті. Орналастыру орындары 229 млрд теңгеден астам қаржыға қызмет көрсетті, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 1,3 есе көп.