$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елордада шомылуға арналған 5 жағажай мен тыйым салынған 21 учаске бар

06.06.2024ж. 20:00
492
Елордада шомылуға арналған 5 жағажай мен тыйым салынған 21 учаске бар

Екі айдың ішінде елімізде 12 адам суға кетті. Оның екеуі - жасөспірім. Қайғылы жағдай Ақтөбе, Түркістан облыстарында жиі тіркеледі. Қазір бар өңірде суға түсу маусымы басталды. Жұрт нені ескеруі керек? Тілшіміздің бейнематериалы.

Елордада шомылуға арналған 5 жағажай мен тыйым салынған 21 учаске бар. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін рұқсат етілмеген жерлерге 100-ден астам тыйым салу таңбасы мен қалқыма белгі қойылған. Құлақ аспағандар айыппұл төлейді. Дегенмен оны елемейтіндері де бар . Дені қараусыз қалған балалар мен мас күйіндегі ересектер – дейді мамандар

Азамат ЖҰМЕКЕШОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ОФИЦЕРІ:

Ата-аналарынан қараусыз қалған балалар демалыс уақытында, судың жағасына велосипедпен келіп суға шомылады. Рұқсат етілмеген жерлерге. Негізі ол жерде өзінің ақпараттық тақтайшалары бар. Соған қарамастан Балалар сол жерге шомылып, біз рейдтік іс-шаралар жүргізген кезде бізден қашып кетеді. Одан кейін біз сол аумақтан кеткеннен кейін балалар қайтіп келіп, әрі қарай суға түсіп жатады.

Өзеннің төменгі бөлігі шомылу орындары ретінде тексеріліп, қауіпті учаскелер қоршалады және патрулдік полиция күн сайын күзетеді. Ыстық күндері жағажайда демалушылардың саны 1000 адамға дейін болады. Сондықтан судағы қауіпсіз демалыс өзін-өзі дұрыс ұстау және азаматтардың «судағы қауіпсіздік ережелерін» орындауына байланысты.

Бауыржан БЕКИТАНОВ, ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ ҚҰТҚАРУШЫСЫ:

Патруль болады бізде әр сағат сайын. Оның усиления уақыты жаз да. Катер Есіл өзенінде усиления жасаймыз сағат сайын. Үлкен кісілер мен балалардың айырмашылықтары бар. Әр кісіге ір қалай көмек береміз

Егер сіз суға кету жағдайының куәсі болсаңыз, дәрігер келгенше уақытты жоғалтпай, алғашқы көмек көрсетуіңіз қажет. Оны негізі кез келген адам білгені жөн дейді мамандар.

Айдана ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Суға кеткен адамның ең алдымен ауыз – қуысын тексереміз. Егер оның демалуына ешқандай кедергі болмама, басын оң жаққа бұрамыз. Одан соң кеуде тұсын 15 рет орташа салмақ түсіру арқылы басамыз. Бқл жедел – жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсету. Одан соң міндетті түрде жасанды тыныс беру жасалады.

40 құтқарушы-сүңгуір, 2 жедел-құтқару техникасы, 8 жүзу құралы және басқа да құтқару жабдықтары дайын. Су айдындарының рұқсат етілген және тыйым салынған учаскелер тізбесі картографиялық платформаларда көрсетілген .