$494.87 €520.65 ₽4.91
×

12 мың балаға 950 мың АҚШ доллары берілді

06.06.2024ж. 20:00
532
12 мың балаға 950 мың АҚШ доллары берілді

Биыл елдегі 7 миллионға жуық балаға жалпы сомасы 695 млн АҚШ долларын үйлестіру қарастырылған. "Ұлттық қор балаларға” жобасы аясында 18 жасқа дейінгі баланың бәрі 100 доллардан алды. Шамамен есептегенде дүниеге енді келген нәресте 18 жасқа толғанша шотына 3 жарым мың доллар жиналуы мүмкін. Қаржыны кәмелет жасқа толған соң тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе оқуға жұмсауына болады. 

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- қорда жиналса әйтеуір оның көмегі тиеді. Тұрмыстық жағдайына болмаса да оқуға түскен кезде көмегі тиеді деп ойлаймын.
- Ол ақша түссе баланың өзіне жинаймыз. Тағы оқуға түседі.
- ⁠Өзі оқуына бірдеңеге жаратады ғой. Сұраған жоқпын балалардан, түссе түскен де шығар.

Қордағы қаржыны баланың 18-ден асқан соң ғана пайдалануға мүмкіндігі бар. Маусымның басындағы есеп бойынша ондай қызметке 12 мың адам жүгінген. Өтінім білдіргендерге жоба басталғалы жалпы сомасы 950 мың АҚШ доллары берілді. Айта кетейік, аталмыш жобаның шектік мерзімі жоқ. 

Алтынхан ӘБЖАППАР, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Осы 2024 жылдың ішінде 304 мың бала кәмелет жасына толады. Тиісінше оларға осы жылдың ішінде 30 млн АҚШ долларына тең сома үйлестірілетін болады. Шоттарын еГов сайтынан қараса болады немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтынан қараса болады.