$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Су тасқынынан қырылған мал шығыны 100% өтелді

AstanaTV
06.06.2024ж. 16:42
606
Су тасқынынан қырылған мал шығыны 100% өтелді

Елімізде су тасқыны кезінде қырылған мал шығындары толықтай өтелді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Вице-министрдің айтуынша, тасқын басталған сәттен бастап жедел түрде шаралар қабылданған. 2024 жылғы 7 сәуірде республикалық штабта суға кеткен мал шығындарын өтеудің алгоритмін бекітілген.

Аталған алгоритм мен қағидаттарға шығынды бюджеттен және бюджеттен тыс қаражат есебінен өтеу көзделген.

"Су тасқыны кезінде 140 мыңға жуық мал қауіпсіз жерге көшірілді. Бүгінде жергілікті атқарушы органдардың жедел деректері бойынша республикада 12 450 мал қырылған, барлық өлексе жойылды, залал 100% пайыз өтелді", - дейді ол.