$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жылдамдықты асырғандар такси жүргізе алмауы мүмкін

AstanaTV
06.06.2024ж. 22:35
848
Жылдамдықты асырғандар такси жүргізе алмауы мүмкін

Көлік министрлігінің ресми сайтындағы ақпарат бойынша, ведомство Такси агрегаторларымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде такси жүргізушілерін бақылауға алуды көздеп отыр. Мәселен, жылдамдықты асыратын жүргізушілер жазаға тартылуы мүмкін.

"Қосымшаны пайдаланушы адамның берген бағасы мен жалпы рейтингке сүйене отырып, жылдамдықты жиі асыратын жүргізушілер жолаушылардан келіп түскен тапсырыстарды орындаудан уақытша я мүлдем шеттетілуі мүмкін. Сонымен қатар көлік жүргізушілеріне көліктің техникалық жағдайын тексеру қажет екені жайлы және қауіпсіздік белдіктеріне қатысты хабарламалар келіп тұрады", - делінген хабарламада.

Жол ережесімен бекітілген тиісті жылдамдықтың сақталуын қадағалаудан бөлек, платформаның серіктес-жүргізушілеріне арналған онлайн және офлайн форматта тренингтер өткізу жоспарланып отыр.

Оқыту барысында жол қозғалысы ережелері мен қалааралық автомобиль жолдарында қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыптары егжей-тегжейлі қарастырылады.

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, меморандумның негізгі мақсаты – республикалық және жергілікті маңызы бар қалааралық автомобиль жолдарында, сондай-ақ қала ішіндегі тораптарда жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыру. Т