$474.72 €515.17 ₽5.58
×

"Байқоңыр" ғарыш айлағында нысандардың 56 пайызы пайдаланылмай тұр

AstanaTV
15.02.2017ж. 20:00
5115
"Байқоңыр" ғарыш айлағында нысандардың 56 пайызы пайдаланылмай тұр

Байқоңырда соңғы отыз жылда алғаш рет күрделі тұрғын үй құрылысы басталмақ. Жыл аяғында бес көпқабатты үй пайдалануға беріліп, 250 отбасы қоныс тойын тойлайды. Бұл туралы Президенттің Байқоныр кешеніндегі арнайы өкілі "Астана" арнасына берген сұхбатында айтты. Ұшырылымды тамашалауға келетін саяхатшылар мен ғарыш саласында жұмыс істейтін мамандар енді Астана мен Алматыға Байқоңырдан тура ұша алады. Бұған дейін әуе кемесімен Қызылордаға келген жолаушылар 300 шақырым жол жүріп, діттеген жеріне автобуспен жететін. Мұнан бөлек Қазақстан мен Ресей Байкоңыр кешенін пайдаланудың екі жақты Концепциясы аясында тиімді келісімге қол жеткізді. Байқонырдағы күрделі мәселелер шешімін тауып келеді. Мектеп, балабақша, ауруханалар пайдалануға берілген. Тұрғын үйлер құрылысына 200 жергілікті тұрғын тартылмақ.

Серік Қожаниязов, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі:

Үйдің ПСД-сын жасау үшін қаржы қаралатын болады. Ол қаржы қаралып, ПСД-сын бір-екі айда бітіреміз. Сосын барып үкіметтен бюджеттен ақша сұраймыз. Алдын-ала есеп бойынша екі миллиард алты жүз миллиондай ақша керек болады. Біздің тәжібиеміз бар, сол үйлерді жылдың аяғына дейін саламыз.

2025-2026 жылдары "Сұнқар" зымыранының алғашқы ұшырылымы жоспарланған. Байқонырдың әлеуетін дұрыс пайдалану тұрғысында бірлескен ғылыми-техникалық комитет құру жөнінде шешім қабылданған. Қожаниязовтың сөзінше, Байқоныр ғарыш айлағының 56 пайызы пайдаланылмай тұр. Қаңыраған нысандарды кәдеге жаратудың жолдары қарастырылып жатқан көрінеді. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құрылымдық бөлімшесін ашу көзделген.