$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қарағандыдағы түрмеден тұтқын қашып кетті

AstanaTV
07.06.2024ж. 12:54
790
Қарағандыдағы түрмеден тұтқын қашып кетті

Қарағанды облысындағы түрмеден бостандыққа жуырда шығатын тұтқын қашып кеткен. Бұл туралы patriotkaragandy хабарлайды.

Қашып кеткен тұтқын небәрі 3 айдан кейін бостандыққа шығуы керек еді. Бірақ ол жаза мерзімінің аяқталуын күтпей, қашып кеткен.

"Аты-жөні – Ошанаев Жандос, 1992 жылы дүниеге келген. Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 1, 2, 3-тармақтары бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін жазасын өтеген. Тіркелу жері – Қарағанды ​​қаласы. Туыстары – Теміртауда тұрады.

Бойы - 175 сантиметр. Салмағы – 73 келі. Орта денелі, шашы – қара қоңыр.

Сол жақ білегінде 4,5 сантиметр күйік тыртығы бар. Оң қолының ортаңғы саусағында "сақина" дизайны түріндегі татуировкасы бар",-деп жазды.

Сотталушының суретімен іздеу жарияланды. Полиция қызметкерлері қашқан тұтқынды көрген адамға хабар беруді өтінеді.