$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады

07.06.2024ж. 20:00
377
Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Үкіметтің су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.Қанат Бозымбаевтың айтуынша, зардап шеккен өңірлерде 16 715 үй тексеруден өткен. Бағалау нәтижесі бойынша 9903 үйді жөндеуге болады, ал 6875 үй қалпына келтіруге жарамсыз деп танылған. Жарамсыз үйлердің орнына нарықтан 4525 үй мен пәтер сатып алу, сондай-ақ типтік жобамен 2350 үй салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, зардап шеккен бизнеске келтірілген залалды да өтеу жұмыстары басталған. Қазіргі уақытта өңірлік комиссиялар шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы сомасы шамамен 377 миллион теңге болатын 34 өтінімін қарап, мақұлданған. Мемлекет басшысы зардап шеккен тұрғын үйлерді бағалау, техникалық тексеру жүргізу ісін жеделдетуді, сондай-ақ оларды салу мерзімі мен құрылыс сапасын бақылауға алуды тапсырды.