$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қарағанды облысының тұрғындары жолдың нашарлығына шағымданды

07.06.2024ж. 20:00
290
Қарағанды облысының тұрғындары  жолдың нашарлығына  шағымданды

Қарағанды облысының тұрғындары жолдың нашарлығына шағымданды. Көлік жүргізушілері жауаптылардан Нұра - Теміртау тас жолының жағдайына назар аударуды сұрайды. 

Видео авторының айтуынша, бұл -Нұра кентінен Теміртауға қатынайтын жол. Шамамен 175 шақырым трасса соңғы екі жылда әбден ойылып, ойдым-ойдым шұңқыр болған. Бірнеше жылдан бері жөндеу көрмеген. Ал “ҚазАвтоЖол” компаниясының мәліметінше, ол -Астана- Қабанбай батыр- Нұра- Теміртау бағытындағы 215 шақырым республикалық трасса. Өткен ғасырдың 50 жылдары салынған және жүк көліктеріне арналмаған. Қазір күн сайын ауыр жүк машиналары осы жолмен құм тасиды. Өткен жылы тәулігіне 2600 ден көлік жүріп өткен. Жақын маңында Бұқар жырау ауданының Жаңаталап ауылында үлкен карьер бар. Биыл бірнеше аумақта жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Әрине оның көлемі бөлінетін қаржыға байланысты. Қазіргі таңда орташа жөндеуге қажетті қаражатты есептеу үшін техникалық құжаттар жинақталып жатыр. Жыл сайын шұңқырларға құм төгіледі,- дейді құзырлылар.