$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Астаналық тұрғынның Атыраудан сатып алған жаңа тракторы 2 аптадан бері ізім-қайым жоқ

07.06.2024ж. 20:00
440
Астаналық тұрғынның Атыраудан сатып алған жаңа тракторы 2 аптадан бері ізім-қайым жоқ

Жолға шығып жоғалып кетті. Астаналық тұрғынның Атыраудан "бір етек" ақшаға сатып алған жаңа тракторы 2 аптадан бері ізім-қайым жоқ. Айтуынша, техниканы логистикалық компания жеткізіп беруі тиіс болған. Алайда, алданып қалған сияқты.

Күнсұлу Сұлтанова ауыл шаруашылығы техникасын сатып ала сала бірден жүк көлікке тиеп жіберген. Жеткізуші компанияны сайт арқылы тауыпты. Сенгені соншалық, келісімшарт та жасамапты. Қызмет үшін 210 мың теңге сұраған. Содан жолдамыз деген жүргізуші 3 күннен соң тракторды Ақтөбеге тастап кеткенін айтыпты.

 Күнсұлу СҰЛТАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Тех паспорттың біздің атымызда екенін, техниканы дәлелдейтін құжаттардың бәрін қолына берген болатынбыз. Сонымен ол кісі Ақтөбеден үстіне тағы жүк тиеп аламын да сосын Астанаға жеткізіп берем деген болатын. Үш күн бойы сразу Ақтөбеге түсіріп кеткенін бізге айтқан жоқ. Үш күн бойы алдап келді “алып келе жатырмын, алып келе жатырмын” деп уақыт созып келді. Ең соңында, жету керек күні болған кезде ғана айтты бізге.

Алданып қалғанын білген Күнсұлу бірден полицияға арызданған. Бірақ мардымды жауап жоқ дейді.

Күнсұлу СҰЛТАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Астана қаласының полициясына жазған арызымызға берілген талонға ешқандай жазбаша түрде қолымызға жауап берілген жоқ. 5 маусым күні бізге телефон соғып Ақтөбе қаласынан: істің ол жақта қаралмайтынын, тұрғылықты жер бойынша Астана қаласында қаралу керек екенін айтып кері жіберіп жатқандығын айтты.

Ал, астаналық полицейлер қылмысты ашу мақсатында істі Ақтөбе қаласына жолдаған. Енді жауаптылардан жауап күтіп отырмыз дейді.

Темірлан ТҰРСЫНБЕК, НҰРА АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ТЕРГЕУ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Арыз бізге келіп түскен жағдайда қайтадан біз келген арыздың заңдылығын тексеріп аталған іс материалдар бойынша толық шешім қабылдаймыз. ҚР 201 бабына тергеу ешқандай мағлұматтарды жария ете алмаймыз.

Трактордың қазір қайда екені белгісіз. Алаяқтарға алданған Күнсұлу енді не істерін білмей дал.