$480.61 €534.53 ₽5.28
×

«AMANAT» партиясы фракциясында жаңа Салық кодексінің негізгі бағыттары таныстырылды

07.06.2024ж. 20:00
695
«AMANAT» партиясы фракциясында жаңа Салық кодексінің негізгі бағыттары таныстырылды

Бүгін Мәжілісте «AMANAT» партиясы фракциясының жиынында депутаттар Үкімет мүшелерінің жаңа Салық кодексін әзірлеу бойынша есебін тыңдады. Депутаттар бұл ел экономикасына, әрбір кәсіпкерге және салық төлеушіге тікелей қатысы бар ең күрделі және жан-жақты талқыланатын заң жобасы екенін атап өтті. Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы өз Жолдауында жаңа Салық кодексін әзірлеуді екі жыл бұрын тапсырғанын атап өтті. Президент салық саясаты әділ, ашық, тұрақты және барлығына бірдей түсінікті болуы керек екенін бірнеше рет атап өткен болатын.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінде қоғам жаңа Салық заңнамасынан үлкен үміт күтеді. Жаңа заң жобасы қазіргі салық саясатына қатысты барлық мәселені шешіп, Президент жариялаған жаңа экономикалық саясаттың негізін қалауға тиіс. Салық жеңілдіктері тек фискалдық мақсаттарды көздемеуі және жекелеген салаларға лоббизм жасамауы керек. Олар болашаққа бағытталып, ел экономикасының ұзақ мерзімді дамуымен өзара байланысты болуы тиіс.