$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Ақтау сотының төрағасы қамауға алынды

AstanaTV
07.06.2024ж. 22:53
868
Ақтау сотының төрағасы қамауға алынды

Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллин қамауға алынды. Бұл туралы 7 маусымда ҚР Жоғарғы соты хабарлады.

Жоғарғы сот хабарына қарағанда, ұстау операциясын Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік басқармасы мен Антикор ұйымдастырған.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Бауыржан Шайдуллиннің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол қылмыстық іс бойынша "мәселені шешкені үшін" 18 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінгені айтылды.