Астанада 33 жастағы әйел жалдамалы пәтерде ұрлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Белгілі болғандай күдікті бикеш пәтерді бірнеше күнге жалға алған. Бір-екі күн тұрған соң пәтерді босатып, өзімен бірге құны 200 мың теңге тұратын «AVA» маркалы теледидарын иемденіп кеткен.
«Тұрмыстық техниканың жоғалғанын үй иесі пәтерді қайта жалға беруге келгенде біліп, содан кейін құқық қорғау органдарына хабарласқан. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда», - делінген хабарламада.