$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Германия полициясы жоғалып кеткен қазақстандық судьяны іздеуге кірісті

AstanaTV
08.06.2024ж. 10:59
2475
Германия полициясы жоғалып кеткен қазақстандық судьяны іздеуге кірісті

Германия полициясы хабар-ошарсыз кеткен Астана қаласы Сарыарқа ауданының бұрынғы судьясы Айгүл Сайлыбаеваны іздеуге кірісті, - деп жазды KAZINFORM.

Бұған дейін экс-судьяның жоғалып кеткенін оның ағасы Қанат Сайлыбаев БАҚ-қа хабарлаған болатын.

Оның айтуынша, Айгүл ұзақ уақыт бойы күйеуі Александр Донцов пен оның анасы тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп келген.

Әйелдің отбасы Қазақстанның Франкфурттағы консулдығына жүгінді.

Жағдайға ҚР Сыртқы істер министрлігі түсінік берді.

— Іс Германиядағы дипломаттарымыздың бақылауында. Жергілікті полиция іздестіру шараларын бастады. Консул осы азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста, — деп хабарлады ведомстводан.