$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Қазақстандық садақшылар Азия кубогінде екі медаль жеңіп алды

AstanaTV
09.06.2024ж. 13:26
860
Қазақстандық садақшылар Азия кубогінде екі медаль жеңіп алды

Садақ атудан Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында өтіп жатқан Азия кубогінде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды.

Екі жүлде де аралас командалық жарыста қоржынға түсті. 

Блоктық садақ атудан Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова үшінші орын алса, классикалық садақ атудан Алина Ілиясова мен Дәулеткелді Жаңбырбай қола жүлдегер атанды.