$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Атырауда жол апатынан бір адам оқиға орнында, жүргізуші жедел жәрдем көлігінде көз жұмды

AstanaTV
09.06.2024ж. 14:31
811
Атырауда жол апатынан бір адам оқиға орнында, жүргізуші жедел жәрдем көлігінде көз жұмды

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, бір жолаушы оқиға орнында мерт болды. Ал жеңіл көліктің жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

«Түнгі сағат 00:30 шамасында Мақат ауданындағы Доссор кентінен Құлсары қаласына қатынайтын жолдың 92-шақырымы тұсында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол үстінде екі көлік соқтығысты. Оның бірі – жүк көлігі. Екіншісі – Nissan Teana жеңіл көлігі. Жол апатының салдарынан бір адам оқиға орнында қайтыс болды», - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаменттің баспасөз қызметі.

Жеңіл көліктің жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.