$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Барселонаның» бұрынғы бас бапкері келесі маусымда жаттықтырушы бола ма?

AstanaTV
09.06.2024ж. 19:25
1611
«Барселонаның» бұрынғы бас бапкері келесі маусымда жаттықтырушы бола ма?

«Барселонаның» бұрынғы бас бапкері Хави Эрнандестің алдағы жоспары белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Sport.es басылымының мәліметінше, Хави соңғы апталарда бірнеше клуб жүгінгеніне қарамастан, алдағы маусымда жаттықтырушы болып жұмыс істемейтініне сенімді. Ол соңғы 2,5 жылдағы қысымнан бір жыл демалып, тың идеялармен оралмақ.

Хави алдағы уақытта қызықты жобаны қолға алып, ағылшын премьер-лигасында (АПЛ) жаттықтырушы болып жұмыс істеуі мүмкін.

Айта кетейік, Хави Барселонаны 2021 жылдан бастап жаттықтырды, Ла Лигада (2022/23) және Испания Суперкубогында (2022/23) жеңіске жетті. Биыл қаңтар айында ол маусым аяқталғаннан кейін командадан кететінін мәлімдеген. Алайда сәуір айында клуб басшылығы оны өз қызметінде қалуға көндіре алды. Бірақ мамыр айында клуб басшылығы Хавидің «Барселонадағы» тұрақсыз қаржылық жағдай жайлы айтқан сөздеріне байланысты келісімшартты тоқтату туралы шешім қабылдады. Хавидің орнын неміс маманы Ханс-Дитер Флик басты.