$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Алматы облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

AstanaTV
10.06.2024ж. 13:27
465
Алматы облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

Алматы облысында жол апат салдарынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы-Өскемен тасжолының 55 шақырымында адам өліміне әкелген жол көлік апаты болды. Оқиға салдарынан бес адам қаза тапқан.

"Nissan Primera жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылды. Жүргізуші мен төрт жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. 12 жастағы кәмілетке толмаған ұл Қонаев ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу амалдары басталды.