$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Германия полициясы қазақстандық экс-судьяны іздестіріп жатыр

10.06.2024ж. 20:00
203
Германия полициясы қазақстандық экс-судьяны іздестіріп жатыр

Германия полициясы жоғалған қазақстандық экс-судьяны іздестіріп жатыр. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Еске салайық, 5 маусымда Майнда Франкфурт қаласындағы Қазақстанның бас консулдығына қызының жоғалып кетуіне байланысты арыз түскен. Ресми өкілдің айтуынша қылмыстық істің мән-жайы жария етілмейді. Сондай-ақ қазақстандық тараптың іске тікелей араласуға құқығы жоқ екенін атап өтті. Ал туыстарына виза алуға тиісті көмек көрсетіледі. 

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫТРҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бас консулдық осы істі өтініш келіп түскеннен бастап ерекше бақылауға алды. Ақпарат түскен сәттен бастап біздің дипломаттар, жергілікті полицияға хабарласты. Полиция дереу іздестіру шараларын бастап кетті. Қазіргі таңда неміс тарапына арнайы хат жолданды. Бұл істі жеке бақылауға алу туралы және барлық қолғабыс көрсету туралы. Біздің жеке бақылауда және Берлиндегі елшіліктің жеке бақылауында.