$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Қостанай облысында қара шегіртке қаптады

10.06.2024ж. 20:00
261
Қостанай облысында қара шегіртке қаптады

Әлеуметтік желіде Қостанай облысында қара шегіртке қаптағаны туралы видео тарады. Жаңа қанаттана бастаған зиянкестер Жанкелдин ауданына апаратын тас жолды жайлаған. Тиісті мекеме өкілдері жел екпіні басылса, шегірткеге қарсы жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Аумақтық инспекция таратқан ақпаратқа сүйенсек, биыл облыста 4,9 млн гектар алқапты мониторингтеу жұмыстары жоспарланған. Зиянкестерге қарсы фитосанитариялық мониторинг жүргізуге 129 зерттеуші тартылмақ. Шегірткеге қарсы шаралар облыстың он бес ауданында қолға алынады. Химиялық өңдеулерге аэрозольді газ генераторлары орнатылған 72 техника, жеңіл авиация жұмылдырылады.Пестицид қоры жеткізілді, дейді мамандар. Кешелі бері  64 мың гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілген. 

Жандос САТТАРОВ, АМАНКЕЛДІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Жол бойындағы осы кординаттар тіркелді. Ауа райының қолайсыздығынан бүгін екінші күн алқапты өңдей алмай отырмыз.  Жел сәл басылса, жұмысты жедел қолға аламыз. Техника дайын, жанар-жағар майы жеткілікті.