$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Қарағанды облысында «қара риелторлар» 14 пәтерді иемденген

10.06.2024ж. 20:00
400
Қарағанды облысында «қара риелторлар» 14 пәтерді иемденген

Қарағанды облысында «қара риелторлар» 14 пәтерді иемденген. Қылмыстық топ құрамында заңгерлер, адвокаттар мен нотариус бар. Алаяқтарды Қарағанды облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы әшкерелеп, қылмыскерлердің заңсыз әрекеті тоқтатылды. Күдіктілер қорқыту, зорлық-зомбылық көрсету арқылы зейнеткерлердің, мүмкіндігі шектеулі адамдардың және алкоголь мен есірткіге тәуелді адамдардың мүліктері мен пәтерлерін заңсыз рәсімдеумен айналысқан. Тінту іс-шараларын жүргізу барысында әртүрлі жылжымайтын мүлік пен жеке тұлғалардың жеке деректеріне қатысты көптеген құжаттар тәркіленді. Қылмыстық топтың 28 мүшесі ұсталды. Олардың осындай басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тергеу аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша жүргізіліп жатыр.