Петропавлда қарияларды алдап жүрген 28 жастағы алаяқ ұсталды. Айласын жүзеге асыру үшін ол түрлі әрекет жасаған. Жергілікті полиция департаментінің ақпаратынша сәуір айында 53 жастағы қала тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Айтуынша өткен жылдың қараша айында оның жанына бейтаныс ер адам келіп, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатқан сияқты кейіп танытып, түрлі сипаттағы сұрақтар қоя бастаған. Жәбірленушінің сеніміне кіріп, тергеу барысында қажет дегенді сылтау етіп, оның телефонына келіп түскен sms хабарламадағы құпия кодты айтуға көндірген. Күдіктіні қолға түсіру үшін жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері жұмылдырылды. Тіпті ол көліктен шыққан сәтте иығындағы шағын сөмкесі жерге түсіп кеткенін көріп, ішіндегі телефонын аяқтарымен басып сындырмақ болған. Бірақ арнайы жасақ қызметкерлері оның бұл әрекетінің іске асуына жол бермеді. Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Виталий ПОДЧЕРНИН, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Петропавл қаласының тұрғындарына несие рәсімдеумен айналысқан облыс орталығының жұмыс істемейтін 28 жастағы тұрғынын ұсталды. Қазіргі уақытта осындай құқық бұзушылықтың 15 фактісін жасауға қатыстылығы анықталып отыр.