$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Ақтауда ойын алаңдарында дезинсекция жұмыстары жүргізіледі

AstanaTV
10.06.2024ж. 18:39
403
Ақтауда ойын алаңдарында дезинсекция жұмыстары жүргізіледі

Ақтауда 10 маусым күні дезинсекция жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар қаладағы барлық ойын алаңдарында жүргізіледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Дезинсекция жұмыстары 10-17 маусым аралығында жасалады. Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Айдар Бисеновтің айтуынша, дезинсекция жұмыстары таңғы уақытта жүргізіледі. - Бүргелерді улау және оның таралмауын қамтамасыз ету мақсатында қала аумағындағы барлық балалар ойын алаңдарында дезинсекция жұмыстары жүргізілуде.

Дезинсекция жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес, сағат таңғы 07:00-9:30 аралығында жасалады. Бұл жұмыстарды рұқсаты бар аттестатталған мекеме жүргізуде. Қолданылған препараттар адамдар мен жануарларға еш зияны жоқ. Бүгін 1-шағын ауданнан бастап 7-шағын ауднға дейін жүргізілді. Дезинсекция барысында барлық санитарлық және қауіпсіздік талаптары сақталуда, - деді Айдар Бисенов. Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі қаладағы барлық тұрғын-үйге қызмет көрсетуші мекемелерден (ПИК,МИБ, ПКСК) тұрғын үйдің жертөлесінде дезинсекция жұмыстарын жүргізуін сұрайды.