Денсаулығына байланысты емделіп, көптен бері көрінбей кеткен айтыс абызы Жүрсін Ерман Торғай төрінде Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбілге арналған республикалық ақындар айтысында төрелік етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл ақпаратпен Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Facebook-тегі парақшасында бөлісті.
"Тобыл - Торғай төрінде Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбілге арналған Республикалық ақындар айтысы өтті. Алашты жырымен әлдилеген ардақты ақын ағаның сан қырлы тұлғасын ақындар өлең өрімімен өрнектей білді.Айтулы шараны “Айтыс ақындары мен жыршы - термешілер одағы” мен Қостанай облысының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырдық. Жүрсін Ерман ұстазымыз бастаған қазылар алқасына, айтыс ақындарына, ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға алғыс білдіремін", делінген жазбада.