$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Балқаш маңында жүк көліктері соқтығысып, екі адам қаза тапты

AstanaTV
11.06.2024ж. 08:10
395
Балқаш маңында жүк көліктері соқтығысып, екі адам қаза тапты

Қарағанды ​​облысында тас жолда жүк көлігіктерінің соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қарағанды ​​облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

10 маусым күні сағат 09:59 шамасында Алматы - Екатеринбург тасжолының 655-шақырымында екі MAN жүк көлігі соқтығысты.

"Жол апаты салдарынан жүк көлігінің бірінің 20 жастағы жүргізушісі мен оның 31 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Екінші көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы (барлығы ересек адам) медициналық мекемеге жеткізілді", - деп хабарлады ведомство.