$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында 60 үй салынады

AstanaTV
11.06.2024ж. 08:50
677
Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында 60 үй салынады

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынының зардаптарын жою мақсатында жұмысты жеделдету бойынша белсенді шаралар қабылдауда. Батыс Қазақстанның Бөрлі ауданындағы зардап шеккен төрт ауылда – Ақсу, Аралтал, Кеңтүбек және Пугачевода су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға 60 жаңа үйдің құрылысы жалғасуда, деп хабарлайды.

Құрылыс барысын gov.kz порталы арқылы онлайн бақылауға болады.

Құрылыс жұмыстарын а. ж. қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, 241 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілсе, оның 234-інде жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ 46 үй сатып алынды, тағы 20 отбасына баспана алу жоспарлануда.

ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 3332 нысанға техникалық зерттеу жүргізілген. Зерттеу нәтижелері бойынша келесі іс-шаралар жоспарланған:

- 401 тұрғын үй салу;

- 1 497 үй сатып алу;

- 1434 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Осы шаралар инфрақұрылымды жедел қалпына келтіру, тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.