$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Шымкентте жеке көз клиникасынан өрт шықты

AstanaTV
11.06.2024ж. 10:25
379
Шымкентте жеке көз клиникасынан өрт шықты

Құтқарушылар өртті сөндірді. Дегенмен алдын ала болжам бойынша,180 шаршы метр алаңда 4-ші қабаттың төбесі жанып кетті.

Оқыс оқиға Шымкент қаласының Абай ауданында жеке көз клиникаларының бірінде болды.

Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында жануды жойып, өрттің бүкіл ғимараттың таралуына жол берілмеді.

Өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.