$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Арман Дәулетияровтың "Айман Ана" атты кітабының тұсаукесері өтті

11.06.2024ж. 20:00
4343
Арман Дәулетияровтың "Айман Ана" атты кітабының тұсаукесері өтті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Даулетияровтың "Айман Ана" атты кітабының тұсауы кесілді. Одан бөлек, "Қалам ұшындағы ой", "Мәңгілік Шыңғысханның хикаясы" туындылары қазақ тілінде жарық көрді. Бұл кітаптар әр қайсысы мың жарым данадан 6 айда басылып шыққан. Медиа менеджер анасы Айманның өмір жолын ерекше әсерде терең әңгімелейді. Басты кейіпкер- Айман- оқырманға табандылық пен даналықтың нышаны, сүйіспеншілік пен адалдық арқылы өмірдің барлық сынақтарын жеңіп, жан дүниесінде бақытты сақтай білген жанның үлгісін көрсетеді. Бұл туынды арқылы отбасындағы шешенің рөлі, әйел рөлінің отбасындағы маңызы туралы жеткізгім келді дейді автор. 

Арман ДӘУЛЕТИЯРОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Анам қарапайым отбасында Орынборда дүниеге келіп, сол жерде көз жұмған. Алайда бар өмірін ұрпағының ұлтжандылығын оятуға арнаған кісі. Қазақы тәрбиені қанымызға сіңдіріп, айналасындағыларға қазақы мәдениетті танытып өткен. Осындай адамның баласы бола тұра, оған кітап арнамауым қате болар еді.