$479.23 €534.96 ₽5.16
×

Астана-Алматы тас жолында Road-эстафета жалғасуда

11.06.2024ж. 20:00
1332
Астана-Алматы тас жолында Road-эстафета жалғасуда

Астана-Алматы автомагистралінің бойын қоқыстан тазарту Road-эстафетасы жалғасуда. Еріктілер мен белсенділер Қарағанды-Балқаш арасындағы 400 шақырым жол бойын артық заттардан тазалады. Оған қоса “Спасск” мемориалды-кешенінің аумағына тазалық жұмыстарын жүргізіп, тарихи орындағы вандализм іздерін кетірді. 

Құралай БАЙМОЛДИНА, ВОЛОНТЕР:

Осы Қарағанды волонтерлары болып біз осы акцияға өзіміздің барлық күш-жігерімізді қосып, көмектесіп жатырмыз. Себебі тазалық өзімізге ғана емес, осы барлық жастардың қолында деп ойлаймын.

Ақерке ЕСКЕНДІРОВА, “АMANAT” ПАРТИЯСЫ “ЖАСТАР РУХЫ” ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін “Таза Қазақстан” Road-эстафетасының екінші күні. Біз Қарағанды облысындамыз. Осы жерде бірнеше ескерткіштер бар екен біздің жолымызда. Сондықтан да осы жаққа келіп біз тазалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Және де жалпы қоғамға “вандализммен бірге күресейік” деген үндеуді тастап жатырмыз.

Сондай-ақ Шет ауданына қарасты Ақсу-Аюлы ауылында қоғамдық қабылдау өтті. Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы тұрғындармен кездесіп, олардың өзекті мәселелерін тыңдады. Одан бөлек акция аясында Қарағанды қаласының орталық саябағында кеш өтті. Шарада қоқыс-қалдықтарды арнайы пункттерге әкелгендерге сыйлықтар берілді. Жиналған қоқыстар қайта өңдеу зауыттарына жеткізіледі. 

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінгі осы басталған біздің эстафета жалпы Қарағанды облысында 700 шақырымға созылады деп отырмыз. Осакаровка ауданынан басталып, біз енді Приозерск қаласы, яғни Қарағанды қаласының түгел шегарасы, Жамбыл облысына тапсыратын боламыз.

Жарқынбек АМАНТАЙҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, “АMANAT” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҰШЕСІ:

Шет ауданында бірқатар учаскелерді жастар белсенді жұмыс жасады. Тазарту жұмыстарын жол бойын жүргізді. Осы өңірге келіп жатқан акцияның аясында, эстафетаның аясында жергілікті қауымдастықпен мәжіліс депутаты ретінде кездесу өткіздік. Жергілікті ақсақалдар, ардагерлер келіп өңірдің бірқатар мәселелерін көтерді.