$465.28 €499.2 ₽5.33
×

Ғалымдар қауынның жаңа сорттарын шығарады

AstanaTV
11.06.2024ж. 18:35
887
Ғалымдар қауынның жаңа сорттарын шығарады

Қызылордалық ғалымдар қауынның жаңа сорттарын шығарады.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары Ташкент қаласындаөткен «Көкөніс бақша дақылдары мен картопты іріктеу, тұқым шаруашылығында және өнімөндіруде ресурстарды үнемдейтін және қарқынды технологияларды қолданудың ғылыми негіздерімен перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-конференциясына қатысып, университетпен «Өзбек көкөніс, бақша және картоп шаруашылығы» ғылыми зерттеу институтымен екіжақты меморандум аясында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Конференция барысында университеттің Ботаникалық бағы мен жылыжай меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Самалбек Қосанов баяндама жасап, ғалымдар Қазақстанның қауын шаруашылығын дамыту мақсатында Әмудария мен Сырдария өзендерінің аралығындағы өсірілетін қауын сорттарының құрамына талдау жасағанын атап өтті.