$514.94 €583.74 ₽6.13
×

Қазақстандық мергендер Финляндияда 7 медаль иеленді

AstanaTV
11.06.2024ж. 23:20
6364
Қазақстандық мергендер Финляндияда 7 медаль иеленді

Нысана көздеуден Қазақстан командасы Финляндияның Инкоо қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде жеті медаль жеңіп алды.

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді.

Спортшылар жылжымалы нысана көздеуден үздік нәтиже тіркеді.

Олар:

- Зухра Ирназарова – алтын мен күміс

- Фатима Ирназарова – күміс пен қола

- Александра Садуақасова – алтын мен қола

- Асадбек Нәзірқұлов - алтын.