2024 жылдың 10 маусымында Қазақстан футбол федерациясының Әдеп жөніндегі комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Онда қарсылас команданың атрибутикасына құрметсіздік танытқан "Қайрат" футзал клубы ойыншыларының спортқа жат әрекеттеріне қатысты сұрақ қарастырылған.