$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльді қарсы алды

AstanaTV
12.06.2024ж. 11:26
1061
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльді қарсы алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға үшкүндік мемлекеттік сапармен келген Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёльді қарсы алды.

Мәртебелі мейманның сапарына орай Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Осыдан кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады. Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң мейман мен Президент құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді.

Корея басшысы құрметті қарауыл бастығымен қоштасты.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшылары шағын құрамдағы кездесуге өтті.