Қазақстан аумағанда мекендейтін құстар туралы деректерді қамтитын кітап жарықа шықты. «Қазақстан құстары. Далалық анықтағыш» кітабы 2014 жылы орыс тілінде 1000 данамен басылған. Ал қазақ тіліне аударылған туынды 2000 тиражбен таралмақ. Сала мамандарының айтуынша, елімізде 500 ден астам құстың түрі бар. Сирек кездесетін қанаттыларды әлемнің түкпір-түкпірінен келіп тамашалайтындар көп көрінеді.
Виктория КОВШАРЬ, «ҚАЗАҚСТАН ҚҰСТАРЫ. ДАЛАЛЫҚ АНЫҚТАҒЫШ» КІТАБЫНЫҢ АВТОРЫ:
Бұл кітап бірінші және алғашқы қазақстандық құстар туралы, картамен суретпен бейнеленген. Қазақстан аумағын 500 ден астам құстың түрлері мекендейді. Мұндағы құстар далада да, шөлде де, орманда да, таудың бөктері мен биігінде де табиғи аймақтардың барлығында кездеседі. Бұл кітап табиғатты ұнататын адамдар үшін өте қажет деп ойлаймын.