$479.23 €534.96 ₽5.16
×

"АМАNАТ" партиясының Road-эстафетасы аясында Жамбыл облысы бойынша 900 шақырым жол қоқыстан тазартылды

12.06.2024ж. 20:00
1771
"АМАNАТ" партиясының Road-эстафетасы аясында Жамбыл облысы бойынша 900 шақырым жол қоқыстан тазартылды

900 шақырым автомагистралдың бойы қоқыстан тазартылды. "АМАNАТ" партиясының "Таза Қазақстан" Road-эстафетасына қатысушылар Жамбыл облысына жетті. Акция басталғалы жалпы салмағы 60 тоннадан астам қоқыс жиналған. Бүгін шараның үшінші күнінде Жамбыл облыстық Мәслихатының депутаттары Шығанақ ауылының тұрғындарымен кездесті. Қоғамдық қабылдауда халықтың өзекті мәселелері тыңдалып, оны шешу жолдары талқыланды. 

Арайлым ҚЫЗДАШЕВА, ШЫҒАНАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл акция туралы біз әлеуметтік желіден көрдік. Және де бұл акцияға өзіміз ғана келген жоқпыз, Шығанақ ауылынан 30 шақты еріктіні алып келдік. Және де қазіргі таңда жол бойын тазалап жатырмыз.

Уәлихан БОЛАТБЕК, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫ “ЖАСТАР РУХЫ” ЖҚ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Эстафетаны бүгін қабыл алдық. Жалпы Жамбыл облысынан 100-ден астам ерікті шығып  жолдың екі жағын қоқыстан тазаладық. 10 тоннадан аса қоқыс тазартылды. Одан бөлек  Шығанақ ауылында ауыл тұрғындарын мәселелерін тыңдау аясында қабылдау жүріп жатыр. Мәселенің күрделігіне, шешілуіне байланысты міндетті түрде өз жауабы берілетін болады.