$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Талдықорған қаласында «Асар» спорттық оңалту кешенінің 10 жылдық мерейтойы атап өтілді

12.06.2024ж. 20:00
334
Талдықорған қаласында «Асар» спорттық оңалту кешенінің 10 жылдық мерейтойы атап өтілді

Талдықорған қаласында «Асар» спорттық оңалту кешенінің 10 жылдық мерейтойы мен «Корни травы» гранттық жобасының аяқталуы салтанатты түрде аталып өтілді. Шараға Жапонияның Қазақстандағы елшісі Джун Ямада арнайы келді. Толығырақ тілшіміз баяндайды. 

“Асар” - тағдырдың тәлкегіне түскен талай жандардың аяққа тұрып кетуіне септігін тигізген Қазақстандағы алғаш спорттық оңалту орталығы. 2014 жылы жұмысын бастаған орталықтан 10 жылда 4000 нан астам адам ем қабылдап шықты. Оңалту орталығының негізін қалаушы Елдос Баялышбаев алдағы жоспарларымен бөлісіп, мүмкіндігі шектеулі жандарды қандай қиындық кездессе де мойымауға шақырды.

Елдос БАЯЛЫШБАЕВ, “АСАР” СПОРТТЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

1500 адам өз өзін қамти бастады. Ешкімге мұқтажсыз. Одан басқа 400 ден астам адам коляскамен келсе, балдақпен жүре бастады. Балдақпен келсе троспен жүре бастады. Троспен келсе, тросын тастап кеткен кісілер бар бізде.

Оңалту орталығы 2017 жылы Жапония елі ұйымдастырған “Корни травы” халықаралық жобасында өзгелерден оза түсіп, 80мың доллар грант ұтып алған. Бүгінгі шараға Жапон елшісі келіп, нәтижеге көңілі толатынын жеткізді.

Джун ЯМАДА, ЖАПОНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:

Сіздерді осы жобаның орасан зор табысымен шын жүректен құттықтаймын. Орталық осы 10 жыл ішінде барлық адамдарға үлкен көмек көрсетті. Біз үшін осындай игі іске үлес қосу нағыз мәртебе. Баршаңызға одан әрі даму, одан әрі мықты орталық болуларыңызды тілеймін.

32 дәрігері бар орталық соңғы бір жылдың өзінде 350 ден астам ерекше адамға медициналық көмек көрсеткен. Жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс аясында 90 млн. теңге бөлінді. Соның есебінен Ем қабылдау тегін. Мұнда тіпті науқастарды емдеп - сауықтырып қана қоймай, белгілі бір кәсіпке баулиды.