$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Еліміздің көлік нарығына Қытайдың тағы 15 автомобиль бренді кірмек

12.06.2024ж. 20:00
314
Еліміздің көлік нарығына  Қытайдың тағы 15 автомобиль бренді кірмек

Еліміздің көлік нарығына Қытайдың тағы 15 автомобиль бренді кірмек. Қазірдің өзінде аспан асты елінің көліктеріне сұраныс жоғары. Бұған тұтынушыларға жасаған жағдай мен бағаның қол жетімділігі себеп дейді мамандар. Жаңа брендтер нарыққа қалай әсер етеді? Осы және өзге ақпараттар "Экономика" топтамасында. 

Елімізде қонақ үй қызметіне сұраныс артып келеді. Бірінші тоқсанда 1миллион 700 мың адам қонақ үйге тұрақтаған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 140 мыңға артық. Келушілердің 1 жарым миллионы -қазақстандықтар. Ал шетелдіктер тарапынан сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 223 мыңға төмендеген. Ең көп Алматы қаласында қызмет көрсетілген. Қонақ үйге тұрақтағандар саны- 473 мың. Астанада 294 мың, Шымкентте 112 мың. Ал қонақ үйлердің табысы 1 жылда 18 процентке артып, 50 млрд теңгеден асқан. Бұл ретте бағаның көтерілуі де айтарлықтай әсер етті дейді мамандар.

Қазір жаңа темір тұлпар тізгіндейтіндердің таңдауы аспан асты елінің өніміне түседі. Ресми дилерлер саудалаған әрбір төртінші машина – қытайлық бренд. Алдыңғы орында Chery, Haval мен Jac автокөліктері тұр. Былтыр Қытайдан Қазақстанға 869 млн долларға 55 мың көлік әкелінген. Жалпы, көрші ел автокөліктерінің әлемдік нарыққа шығуы соңғы төрт жылда 9 млрд доллардан 78 млрд-қа дейін артқан. Алдағы уақытта Қазақстан нарығына тағы он бес шақты қытайлық көлік бренді кірмек ниетте. Бұл дегеніміз — Автомобиль дилерлері арасында үлкен тартыс пен бәсекелестік болатынын білдірсе керек.

Елімізде соңғы 4 жылда жол салуға, жөндеуге, күтіп ұстауға 1,9 трлн теңге бөлінген. Бірақ республикалық маңызы бар жолдардың 72 пайызы ғана қанағаттанарлық жағдайда. Еліміздің бас аудиторының айтуынша, жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуді және сараптама жасауды талап етпейтін орташа жөндеу жобалары жолдардың жай-күйінің нашарлауына әсер етіп жатыр. Бақылау болмаған соң мердігер өз жұмысын сапасыз істейді. Сондай-ақ, асфальттың тақтайдай тегіс болмауы жүк көліктеріне де байланысты.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жолдың бұзылуына бірінші кезекте рұқсат етілген массадан асатын, ауыр салмақты көлік құралдарының жүруі әсер етеді. Автоматтандырылған өлшеу стансылары ереже бұзы фактілерін толық көлемде дұрыс рәсімдеп отырған жоқ. Жалпыға ортақ пайдаланатын жолдарда ауыр салмақты көліктердің жүруіне қатаң тыйым салу керек.

Валюта бағамына тоқталайық. Қор нарығында доллар бүгін 450,94теңге, Еуро - 484,61теңге, Ресей рублі - 5,06теңге болды.