$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мәжіліс депутаты жаңа жылу маусымына дайындықты сынға алды

12.06.2024ж. 20:00
440
Мәжіліс депутаты жаңа жылу маусымына дайындықты сынға алды

«Атқарылған жұмыстардың көлемі 10 проценттен аспайды». Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов алдағы жылу маусымына дайындықты сынға алды. Энергетика министрлігінің «жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатыр» деген уәдесіне күмәнмен қараған ол кейбір маңызды нысандарда жоспарланған жөндеу жұмыстарының әлі басталмағанын жеткізді. Qarmet-тің 2-ші ЖЭО-ның қазандығы мен Қарағанды Аймақтық электр желілік компаниясының электр желілері бұған дәлел болып отыр. Сондай-ақ Екібастұз қаласының 422 шақырымдық жылу желілерінен коммуналдық меншікке 342 шақырымы ғана қабылданған. 

Дүйсенбай ТҰРҒАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Өздеріңіз білетіндей, жаңа жылу маусымына дайындық мәселесіне қыс мезгілі аяқталғаннан кейін бірден кірісу керек. Энергия өндіруші ұйымдар, электр және жылу желілері кәсіпорындары жыл сайын жүйелі оператор және мемлекеттік органдармен келісілген жөндеу жұмыстарының кестелерін ұсынады. Содан кейін олар "барлық жұмыс жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр" деп сендіреді. Алайда қыста біз тағы да әртүрлі көлемдегі төтенше жағдайларға тап боламыз.