$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Қазақстанның табиғи су айдындарында жыл сайын шамамен 45 мың тонна балық ауланады

12.06.2024ж. 20:00
275
Қазақстанның табиғи су айдындарында жыл сайын шамамен 45 мың тонна балық ауланады

Қазақстанның табиғи су айдындарында жыл сайын шамамен 45 мың тонна балық ауланады. Бүгін Мәжілісте балық шаруашылығы мен аквашаруашылықты дамыту мәселелері талқыланды. Кәсіптік балық аулау, негізінен, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарында жүргізіледі. Бүгінгі таңда балық аулаумен 1400-ден астам пайдаланушы айналысады. Оларға 1800-ден астам су айдындары мен учаскілер бекітілген. Бұл ретте 1000-ға жуық су айдыны мен учаскесі қандай да бір себептермен бекітілмей қалып отыр. 

Аманғали БЕРДАЛИН, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

2023 жылы Қазақстанға 52 мың тоннаға жуық балық және балық өнімдері импортталды. Ол -мұхиттық және теңіздік балық түрлері. 25 мың тоннаға жуық өнім экспортталды. Қазіргі кезде басты міндет – ішкі балық тұтынысын, сондай-ақ экспорттық әлеуетті одан әрі арттыру.

 Отандық кәсіпорындар балықтың 50-ден астам түрін әлемнің 120 мемлекетіне экспорттауда. Ірі тұтынушылар ретінде Ресей, Германия, Қытай елдерін атап өтуге болады. "Дегенмен елімізде балық және балық өнімдерінің көлеңкелі айналымы да өзекті мәселе болып отыр" дейді құзырлылар. 

Сергей ПОНОМАРЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Аквамәдениетті жүзеге асыру және қызмет ету тәртібі мен механизмі заңда жинақталған. Кәсіпкер бұл іспен қалай айналысу керектігін нақты түсінуі керек, сондықтан олар мұндай бизнеске кіріспес бұрын өздерінің қаржылық және басқа мүмкіндіктерін бағалауы қажет. Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасында 2030 жылға қарай өсірілген балық көлемін 270 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделген.