$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстанда жаңа банк ашылады

12.06.2024ж. 20:00
735
Қазақстанда жаңа банк ашылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев BNK Financial Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Бин Дэ-Инмен кездесті. Мемлекет басшысы компанияның өз иелігіндегі BNK Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымын толыққанды екінші деңгейлі банкке айналдыру ниетін құптады. Оңтүстік Кореядағы жетекші банктің Қазақстанда қызмет етуі екі ел арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етпек. Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның микроқаржы ұйымын банкке айналдыру рәсімі аяқталған соң, корпоративтік несие беруге күш салуға шақырды. Сондай-ақ банк саласында озық IT-шешімдерді пайдаланудың маңызына назар аударды.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Doosan Group компаниясының төрағасы Чжеонг Вон Пак пен Doosan Enerbility басқарма төрағасының орынбасары Ён Ин Чонгті қабылдады. Кездесу барысында Президент су тасқыны кезінде елімізге көрсеткен көмегі үшін корей компаниясына алғыс білдірді. Қиын-қыстау жағдайда кәсіпкерлердің халықты қолдауы әлеуметтік жауапкершілік жоғары екенін көрсетті, деді Мемлекет басшысы.