$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тісін жұтып қойған атыраулық баланың үш рет жүрегі тоқтап қалған

AstanaTV
12.06.2024ж. 22:00
1549
Тісін жұтып қойған атыраулық баланың үш рет жүрегі тоқтап қалған

Атырауда 4 жасар бала үйінде ойнап жүріп қозғалып тұрған күрек тісін абайсызда жұтып қойып, есінен танып қалған. Оқиға орнына жеткен жедел-жәрдем қызметкерлерімен ауруханаға жеткенге дейін баланың жүрегі үш рет тоқатап, дәрігерлер аман алып қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жедел-жәрдем қызметкерлері оқиға орнына жеткен кезде бала ес-түссіз жатқан, пульсы, дем алысы болмаған. Дәрігерлер жүрек өкпе реанимациясын бастап, 3 цикл жасағаннан кейін балада тіршілік белгілері пайда болғанын айтады.

"Біз барған кезде бала диванда ес-түссіз жатты. Әкесінің айтуынша, баланың астыңғы күрек түсі түсіп, сол тісті жұтып қақалып қалған. Ауруханаға жеткенге дейін клиникалық өлім белгілері болды. Баланы 3 рет аман алып қалдық. Облыстық балалар ауруханасының реанимация бөліміне жатқызылды", - дейді оқиға орына барған "Жедел-жәрдем" қызметінің дәрігерлері Мейрамгүл Құрмашева және Айбек Жеңісов.

Атырау облыстық денсаулық басқармасының баспасөз хатшысы Айгерім Сабырова сәбидің ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткенін, қазіргі кезде балалар ауруханасында реанимацияда жатқанын мәлімдеді.